COVID-19 Вакцинация

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа оқу жылына дайындық және оны толыққанды режимде өткізу, сондай-ақ Covid-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу және одан әрі таратпау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті студенттері, ПОҚ және қызметкерлері арасында вакцинация жүргізу бойынша шаралар кешенін әзірледі.

Білім алушыларды, ПОҚ және қызметкерлерді материалдық ынталандыру үшін 2021 жылғы 01 шілдеден 15 тамызға дейін COVID-19 вакцинациядан өтудің толық циклі кезінде төмендегі ұтыс ойынына қатысады:

Студенттерге

  • 2021-2022 оқу жылына оқу ақысын төлеуге 20 студентке 30 % көлемінде жеңілдіктер
  • Ағылшын тілін оқытуға арналған 30 сертификат
  • 30 студентке ағылшын тілінен IELTS/TOEFL сертификаттық емтиханға дайындалуға жеңілдік
  • 30 студентке университет жатақханаларында тұру үшін үш айға 30% жеңілдік
  • 30 түрлі сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар

ПОҚ және қызметкерлерге

  • Университеттің 45 жылдығы аясында 45 оқытушыға және/немесе қызметкерлерге 45 мың теңге мөлшерінде біржолғы сыйлықақы
  • 30 оқытушыға және/немесе қызметкерлерге ағылшын тілін оқытуға Сертификат
  • Ағылшын тілінен IELTS/TOEFL сертификаттау емтиханына дайындалуға жеңілдік 30 оқытушы және қызметкерге

Қатысу формасы

Таңдаңыз* (Қайта толтырылған форма / дубликат автоматты түрде жойылады)